Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ЕО: Путин шешімі Украина егемендігі үшін жаңа шабуыл

2 530 просмотра


Еуропа Одағы Ресейдің Украинаның шығыс аймақтарына қаратқан жаңа қадамын айыптады. ЕО Мәскеудің кезекті қадамын Украинаның егемендігіне жасалған жаңа шабуыл деп бағалаған. 

Осыдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығыс облысындағы тұрғындарға жеңілдетілген жолмен РФ азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды. Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск облыстары өздерін «Донецк және Луганск Халықтық Республикасы» деп атап алған Ресейді жақтаушы сепаратистік күштердің бақылауында тұрғаны белгілі. ЕО мәлімдемесінде, Мәскеудің кезекті қадамы Украинадағы сайлау енді аяқталған тұста жасалғандықтан, елді тұрақсыздыққа ұрындыратынын ескерткен. Әрі, Ресейді Минск келісіміне қайшы болған әрекеттерді тоқтатуға шақырған. Шетелдік сарапшылар, Мәскеудің бұл қадамы Украинаның жаңа сайланған президенті Зеленскийге жасаған қысым қатарында бағалап отыр.

Дереккөз: qazaqtimes.com

27 сәуір 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.