Атырау, 18 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Франция «сары күртешелілердің» кезекті ереуіліне дайындалып жатыр

1 795 просмотра


Бүгін рұқсат етілмеген митингінің 24-раунды өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Елде қауіпсіздік шараларын сақтау үшін он мыңдаған тәртіп сақшысы мен жандарм тартылды. Себебі осыған дейінгі наразылық шараларының басым бөлігі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласқан. 

Франциядан бөлек мұндай рұқсат етілмеген ереуілдер Чили, Ұлыбритания және Алжирде өтіп жатыр. Әр елдегі ереуілшінің мақсаты әртүрлі. Дегенмен барлығы да заңмен рұқсат етілмеген митингтер. Салдарынан көтеріліс соңы қақтығысқа ұласып, көптеген ереуілішілер темір торға қамалуда.  Көз жасаурататын газ, отқа оранған көліктер, қиратылған дүкен сөрелері. Францияның соңғы жарты жылдағыкелбеті осындай. Ертең де көтерілістің 24-раунды өтпек. Билік өкілдері қауіпсіздік шараларын мықтап күшейтіп жатыр. 

Өйткені акцияның басым бөлігі қақтығыспен аяқталатындықтан, үндеулерге қарамастан, ереуілшілер дегенінен қайтар емес. Ал үкімет рұқсат етілмеген митингке шығып, заң бұзушылық танытқан тұрғындарға наразы.  

Эммануэль Макрон, Франция президенті: 

- Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін өзгерістер енгізіп отырмын. Халық қолдан келгенін жасау арқылы қалаған деңгейінде өмір сүре алады. Осылай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару арқылы ел тұтастығын сақтап қала аламыз. Мен де салықтың көтерілуіне қарсымын. Сол себепті жұмыс істейтіндер үшін салықтың мөлшерін азайтуды көздеп отырмын.

Бұл бүгінгі баспасөз конференциясынан үзінді. 

«Сары күртешелілердің» мұндай жауапқа көңілі толды ма, толмады ма, ол жағы белгісіз. Жалпы, 2018 жылдың қарашасында жанармай бағасының қымбаттауына қарсы басталған акциядан жүздеген адам темір торға қамалды. Ереуілдердің соңы төбелес, тонау, көліктерді өртеумен аяқталған. Олардың басым бөлігі бүгінде сот алдында жауап беруде. Чили астанасы Сантьягода наразы жастар қайта ереуілге шықты. Студенттер биліктен білім беру саласында реформа жасауды талап етіп отыр. Шаһар орталығында бейбіт түрде басталған акция тәртіпсіздікке ұласты. Әскерилер полициямен қақтығысқан жұртты тарату үшін көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданған. 

Жастар болса оларға тас лақтырған.  Айта кетейік, елде білім сапасына көңілі толмаған жоғары оқу орындарының студенттері биыл алғаш рет наразылық акциясын ұйымдастырып отыр. Ал Лондонда қоршаған ортаны қорғаушылардың ереуілі басылар емес. Белсенділер британ үкіметін климатты жақсартуға бағытталған шаралар жасауға шақырып отыр. Тіпті белсенділер мәселеге үкіметтің назарын аударту үшін бірнеше теміржолмен көпірлерді жауып тастаған. Салдарынан митингіге шыққан мыңнан аса тұрғын тұтқындалды. Оның 70-іне қоғамдық ортада заң бұзғаны үшін айып тағылып отыр.

Дереккөз: 24.kz

27 сәуір 2019, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.