Атырау, 18 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украиндағы сайлау нәтижесі: Зеленский Порошенкодан үш есе көп дауыс жинады

2 660 просмотра


Украина орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауының екінші турында берілген дауыстың бәрін санап бітті. Комиссия хабарлауынша, актер Владимир Зеленский барлық дауыстың 73,22 пайызын алған. Оны шамамен 13,5 миллион адам қолдаған.

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға сайлаушылардың 24,45 пайызы - шамамен 4,5 миллион адам дауыс берген.

ОСК 2,31 пайыз дауысты жарамсыз деп тапқан. Екінші турға дауыс беруге азаматтардың 61,37 пайызы келген.

Украинада президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірде өтті. Жаңа мемлекет басшысы ретінде актер, шоумен Владимир Зеленский сайланған. Қарсыласы Порошенко жеңілгенін мойындағанымен, келер сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Зеленский президент қызметіне 3 маусымға дейін кірісуі тиіс.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 сәуір 2019, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.