Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шри-Ланкада шіркеу мен қонақүйлерде болған жарылыстан 42 адам қаза тапты

3 329 просмотра


Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болып, 42 адам қаза тапты. Тағы 283 тұрғын жарақат алды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Жалпы 6 жарылыс болды. Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Дәрігерлер жергілікті ауруханаларға жараланғандар әлі жеткізіліп жатқанын айтады. Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Дерекөз: 24.kz

21 сәуір 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.