Атырау, 18 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Еуропа Парламенті Қытайдан Шынжаңдағы барлық лагерді жабуды талап етті

1 963 просмотра


Еуропа Парламенті Қытай үкіметіне ескерту жасап, қазақ, ұйғыр және тибет ұлттарына бағытталған заңсыз тұтқындау, қудалау әрекеттерін тоқтатып, барлық лагерді жабуын талап етті. 

Бейжіңге бағытталған бұл ескерту Францияның Стразбруг қаласында өткен ЕП отырысында айтылды. ЕП-ның кезекті отырысы Қытай үкіметіне ескерту жасау шешімін 47 қалыс, 18 қарсы дауыстан тыс, 505 дауыстың қолдауымен қабылдады. Ортақ қарарда қазақ, ұйғыр және тибет халқының тағдырына алаңдаушылық білдірген, Еуропа Парламенті Қытай билігінен Шынжаң жеріндегі барлық лагерлерді жабуды талап еткен. Қытайдың Шынжаң,Тибет қатарлы автономиялы аймақтарындағы аз санды ұлттарға жасап отырған қысымы әлемде бірқатар елдің қарсылығына ұшырауда. Бұған дейін БҰҰ тарабы «Үйрену лагерлері» атаған Шынжаң жеріндегі саяси лагерлер туралы тікелей мәлімет жинау үшін аймақта еркін зерттеу жүргізу талабын қойған болатын. Алайда, халықаралық қауымдастықтың бұл талабын Бейжің билігі қабылдамады. Тек, Қытай үкіметі жағынан белгіленген бірнеше лагерге ғана дипломаттардың кіруіне рұқсат берген. Ал, АҚШ Конгресі Қытайдың аз санды ұлттарға жасаған қысымына қарсы заң жобасын қарастыру үстінде.

Дереккөз: qazaqtimes.com

21 сәуір 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.