Атырау, 19 мамыр 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Британия Түркияның талабын орындамады

1 517 просмотра


Түркияның Фетхуллах Гүленнің жақтастарын ұстап беру туралы талабын Ұлыбритания қабылдамады. Британияның бұл жауабына түрік СІМ өкілі Хами Аксой арнайы мәлімдемесінде сынға алды.

Түркия үкіметі осыдан бұрын Британия үкіметінен Хамид Акын Ипек, Али Челик, Талип Бүйүк және Мүсафа Йешіл қатарлы гүленшілерді ұстап беруді талап еткен болатын. Алайда, Лондон Анкараның бұл талабын қанағаттандырған жоқ.

Бүгін түсткен бұрын Түркия сыртқы істер министрі Хами Аксой жазбаша мәлімдеме жасап: «Британ билігінің террорлық топтың мүшелерін ұстап елімізге қайтару талабымызды орындамауы сот шешімінің бұзылғанын көрсетеді. Өкінішке орай, біздің аппеляцияға беру туралы сұрауымыз да қанағаттандырылмады», – деген. 

Анкара билігі тарабынан террорлық ұйым деп танылған Фетхуллах Гүленнің ұйымы «15 шілде төңкерісін» ұйымдастырды деп айыпталған. Ресми мәліметтерде, аталған төңкерісте 251 адам қаза тауып, мыңдаған адам зардап шеккен. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

10 сәуір 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.