Атырау, 19 мамыр 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Еуроодақ Ливияда бітім орнатуға шақырды

1 187 просмотра


Еуроодақ Ливиядағы қақтығысты тоқтатып, бітімге келу туралы ұсыныс білдірді. 

Люксембургте өткен ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини: «БҰҰ комиссиясының ұсынысы сай барлық тарапты бейбіт бітімге шақырамыз. Сондай-ақ әскери қақтығысты шектеуді талап етеміз. Және БҰҰ шеңберінде мәселені келіссөздер арқылы шешуді ұсынамыз. Себебі Триполиден жеткен ақпараттар көңіл көншітпейді», – деді. 

Еуропалық Одақ өкілдерінің айтуынша, Ливия тарапы ең алдымен гуманитарлық бітім орнатып, саяси келіссөздерге оралу қажет. 2011 жылы Муаммар Каддафиге қарсы өткен азамат соғысынан кейін Ливиядағы жағдай нашарлап кеткен болатын. Сол уақыттан бері халық наразылығы артып, қарулы қақтығыстар толастаған жоқ. 

Осы жылы Ливия астанасы Триполи қаласындағы қақтығыс салдарынан 40-қа жуық адам жарақат алған. Триполидің оңтүстік және батыс аудандары әлі күнге дейін бір-біріне шабуыл ұйымдастырып келеді. 

Екі тарап біржақты бітім жасауға келіссе де, іс ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Қазіргі уақытта Триполи халқы бірнеше анклавқа бөлінген. Оларды әртүрлі топтар бақылауға алған. Жан-жаққа шашылған халық пен елдегі бейберекетсіздіктің кесірінен Ливия босқындардың теңіз арқылы Еуропаға баратын негізгі транзиттік пунктіне айналды.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

9 сәуір 2019, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.