Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Грузияда мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды

1 789 просмотра


Грузия Парламенті елдің жалпы білім беретін мектептерінде қорытынды емтихандарды алып тастауды көздейтін «Жалпы білім беру туралы» заңға түзетулерді мақұлдады. Бұл туралы осы елдегі «Бірінші арна» хабарлады. 

Грузиялық мектеп оқушылары 11 және 12 сыныптарда қорытынды емтихандар тапсырған болса, қазіргі таңда орта мектептің дипломын алу үшін түлектер барлық пәндер бойынша 10 балдық жүйе бойынша 5 ұпайдан жоғары баға алуы керек. Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылының басталуына дейін жалпы білім берудің орташа деңгейін меңгерген, бірақ қорытынды емтиханға қатыспаған оқушылар мектеп емтихандарынан босатылады.

Грузияның Білім министрлігі қорытынды емтихандарды жою білім беру жүйесінде мектептің рөлін күшейтетіндігін айтты. Оқу барысында емтиханға емес, оқуға көбірек көңіл бөлуді қамтамасыз ету үшін осындай шаралар қабылданды.  

Дереккөз: inform.kz

9 сәуір 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.