Атырау, 19 мамыр 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Boeing 737 MAX ұшағының құлау себептері анықталды

1 614 просмотра


Boeing 737 MAX ұшағының құлау себептері анықталды, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Мәліметтер бойынша, Аддис-Абеба маңында құлаған Boeing 737 MAX жолаушылар әуе кемесінің ұшқыштары ережеге сай іс-қимыл жасаған. Сараптаманың алғашқы ресми қорытындысына сәйкес, апат алдында әуе кемесінің тұмсығы төмен тарта берген. Сол себепті Эфиопия билігі Boeing шығаратын компания басшылығын жаңа әуе лайнерін тексеруге шақырған. Аталған жағдайдан кейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артты. Осыған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Кей мемлекеттер аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдаған. Естеріңізге салайық, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді."

Дереккөз: qazaqtimes.com

7 сәуір 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.