Атырау, 19 мамыр 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ НАТО-дағы одақтастарын Қытайға қарсы бірігуге шақыруда

1 886 просмотра


АҚШ вице-президенті Майк Пенс НАТО-ның құрылғанына 70 жыл толуына орай өткен жиналыста баяндама жасап, НАТО-ның алдағы бірнеше он жылдағы басты проблемаларының бірі – Қытай қаупінің артуына қарсы күресу екенін айтты. 

«Алдағы он жылдықтарда НАТО үшін ең күрделі мәселе – Қытайдың арта түскен қаупіне қарсы бейімделу, біз бұл міндет үшін реттеу жасауымыз керек. Себебі, Қытайдың 5G желілік технологиясы, «Бір білдеу, бір жол» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етілген желісі – бұлар біздің еуропалық одақтастарымыздың күн сайын жұмыс істейтін мәселесі болмақ», – деді Майк Пенс сөзінде. Оның айтуынша, Қытайдың күн санап артып келе жатқан ықпалы Америка Құрама Штаттарына энергия мен ресурсты көптеп сарып етуге итермелейді. Сондықтан, Еуропадағы одақтастары НАТО-ның қорғаныс күшін сақтау үшін қазіргіден де көп ресурстарды жұмылдыруға тиіс. Майк Пенс баяндама жасауда. Фото: VOA Пенс баяндамасында «НАТО-ның алдағы басты проблемасы – Қытайдың артып келе жатқан ықпалына қарсы күресу» деген ойды көбірек атап көрсеткен. Ол сондай-ақ, Аустралия, Жапония, Сингапур және Оңтүстік Корея секілді Үнді-Тынық мұхитындағы АҚШ одақтастарымен ынтымақтастықты дамытқаны үшін НАТО-дағы одақтастарына алғысын да білдірген. «Біз НАТО-дағы одақтастарымыз – Франция және Ұлыбританияның Үнді-Тынық мұхит аймағында тегін навигация мен ұшу жұмыстарын арттыру қадамдарын қолдаймыз», – деген АҚШ вице-президенті. Майк Пенстің Солтүстік Атлант Шарты ұйымының 70 жылдығында сөйлеген сөзі Құрама Штаттардың НАТО-дағы одақтастарын Үнді-Тынық мұхитындағы басты қарсыласы Қытайға қарсы бірігуге шақырып жатқанын анық байқатты.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

5 сәуір 2019, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.