Атырау, 19 мамыр 05:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Эстонияны БҰҰ-дан шығару ұсынылды

1 754 просмотра


Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жөніндегі төрағасының орынбасары Борис Чернышов БҰҰ бас хатшысы Антон Гутеррешке Эстонияны Бүкіләлемдік ұйымнан шығару туралы өтініш жолдады, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның мәліметінше, оған Эстония президенті Керсти Кальюлайдтың орыс тілі эстон тілі мен мәдениетіне қауіп төндіреді деп айтқан сөзі себеп болған.

"Сізден Эстонияны Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімінен алып тастауды сұраймыз. Себебі ол елдің басшылығы орыс тілді халықтың құқықтарын бұзғанынан бөлек, әлемде фашизмнің өршуіне және орыс тілді халықтың геноцидіне себепші болды", - деді Борис Чернышов хатында. 

Бүгінде Эстониядағы орыс тілді мектептер мен гимназияларда бірнеше сабақ эстон тілінде жүреді екен. Басылымның мәліметінше, Эстонияда орыс тілінде білім алуға болатын 74 мектеп бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 сәуір 2019, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.