Атырау, 6 мамыр 01:42
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сүрия БҰҰ-ға ұсыныс жасады

2 002 просмотра


Сүрия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс мәжілісіне өтініш жасады, – деп хабарлайды Times. 

Сүрия тарапы елдегі жағдай мен Голан жотасының ресми қайтарылуына қатысты өтініш жіберген. Қазіргі уақытта өтініш БҰҰ-да қаралып жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Голан биіктеріне қатысты егемендігін мойындаған декларациясына қол қойған болатын. Еуропалық Одақ Израильдің бөлігі ретінде Голан жотасын мойындамайды және Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қауіпсіздік кеңесін айналып өтіп, осы аумақтың мәртебесін өзгерту БҰҰ шешімдерінің бұзылуы болып табылады. Айта кетейік, Израиль 1967 жылғы 6 күндік соғыс кезінде Голан жотасын басып алып 1981 жылы бір жақты тәртіпте оларды тіркеді. Голан биіктігі Израиль – Сүрия қақтығысының басты себебі.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

29 наурыз 2019, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.