Атырау, 6 мамыр 10:30
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бішкекте "Путин - агрессор" деген жазуы бар плакат ұстаған белсендіні ұстады

1 622 просмотра


Наурыздың 27-сі күні Бішкектегі Ресей елшілігі алдында Владимир Путиннің саясатына қарсылық білдірген белсенді Нұрлан Карымшаковты полиция ұстады. 

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, белсендінің қолында "Путин - агрессор", "Басқыншы", "Қылмыскер", "Бізге әскери базаның қажеті жоқ" деген жазуы бар плакат болған.

Полиция белсендінің үйін тінтіп, "ұлттық араздық қоздыру" (Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 313-бабы) бабы бойынша айып таққан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бөлімшесіне оның әйелін де апарған.

Наурыздың 28-і күні таңертең Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин келді. Қырғызстанның ресми орындары Путин сапары кезінде екі ел арасында отызға жуық құжатқа қол қою жоспарланғанын айтады. Олардың арасында Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасы жайлы хаттама да бар.

Дереккөз: azattyq.org

28 наурыз 2019, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.