Атырау, 6 мамыр 11:11
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ресей Қырғызстанға 30 миллион доллар қайтарымсыз көмек береді

1 766 просмотра


Ресей үкіметі Қырғызстанға қайтарымсыз көмек ретінде 30 миллион доллар береді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме беріп "Интерфакс" хабарлады.

Қаржы Қырғызстан мемлекеттік бюджетін қолдау үшін берілмек. 2017 жылы Мәскеу Бішкектің 240 миллион доллар көлеміндегі қарызын кешірген.

2017 жылы 43 ел Ресейден 734 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек алған.

Ресейдің Қырғызстанға көмек беретіні туралы Ресей президенті Владимир Путиннің 28 наурыздағы Бішкекке сапары алдында белгілі болды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

28 наурыз 2019, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.