Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Миланда жүргізуші мектеп автобусын балалармен қосып өртеді

1 396 просмотра


Миланның төңірегінде жүргізуші ішінде 50-ден астам оқушы отырған автобусты айдап әкетті. 

Ол сол автобуспен бірнеше полиция көлігін соғып өтіп, сосын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберген. Оған дейін іштегі кей балаларды байлап тастаған, деп хабарлайды ВВС.

Италия полициясының мәліметінше, автобусты өртер алдында жүргізуші балаларға «Ешкім тірі қалмайды» деген. 

Алайда шын мәнінде ешкім өлген жоқ, балалар автобустың артқы терезесі арқылы сыртқа шығып үлгерді. Терезені автобустың соңынан қуып жеткен полицейлер сындырған болатын. 

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам түтіннен уланған, дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

«Бұл нағыз ғажайып. Әйтпесе бір адам да аман қалмай, нағыз трагедия болар еді», - деді Миланның бас прокуроры Франческо Греко. 

Жүргізуші тұтқындалды. Ол Сенегалда туып-өскен 47 жастағы Италия азаматы екен. 

Автобуста балалармен бірге болған мұғалімнің сөзінше, жүргізуші Италияның көші-қон саясатына көңілі толмайтынын бірнеше рет айтқан. Кей БАҚ өкілдері жүргізуші «Жерорта теңізіндегі адам өліміне тосқауыл қоюды» талап еткенін жазды.

Дереккөз: 24.kz

21 наурыз 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.