Атырау, 19 мамыр 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қырымды аннексиялау Ресейге қанша шығын алып келді?

1 901 просмотра


«Bloomberg» басылымының мәліметінше, соңғы 5 жылда Ресей экономикасының даму қарқыны санкциялар салдарынан 6 пайызға төмендеген. 

Сарапшы Скотт Жонсонның сөзінше, Ресей экономикасы 2018 жылдың аяғында 10 пайызға төмендеген және осы уақытқа дейін ресми Мәскеу 150 миллиард доллар қаржы жоғалтқан. «Соңғы бес жылда Ресейге сырттан келетін инвестициялар көлемі азайған. Бұл өз кезегінде ел халқының табысына әсер етуде. Ресейліктердің еңбек табысы Қырымды аннексиялаған уақыттан бері көтерілмеген. Есесіне Қырым халқының табысы осы уақыт аралығында біршама жоғарлап, Ресей халқының табысына жақындап қалған. Себебі ресми Мәскеу Қырымға осы уақытқа дейін қыруар қаржы құйған» - деп жазды «Bloomberg». Ресей Қырымды 2014 жылдың 16 наурыз күні болған референдумнан кейін аннексиялаған. 18 наурыз күні Қырым аннексиясына 5 жыл толды. Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин Қырымға ресми іссапармен барды. Қырым аннексиясын осы уақытқа дейін халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ. Қырымды аннексиялаған уақыттан бері АҚШ санкциясына ілінген Ресей азаматтары мен компанияларының саны 700-ден асқан.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

19 наурыз 2019, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.