Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамп ұсынған бюджетте Азаттықтың 3 қызметін жабу көзделіп отыр

1 715 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 2020 жылдың бюджет жоспарын дайындады. Онда халықаралық хабар тарату қаржысының 22 пайызға қысқартылатыны хабарланып, Азат Еуропа/Азаттық Радиосының үш қызметін жабу көзделгені айтылады.

Бюджеттің шағын сипаттамасы 18 наурызда АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігінің (USAGM) ресми сайтында жарияланған. Агенттік Азат Еуропа/Азаттық Радиосынан өзге «Америка даусы», Radio Free Asia сынды ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіреді. 

Мәліметке қарағанда, Азат Еуропа/Азаттық радиосының бюджеті 2019 жылғы 124 миллион доллардан 2020 жылы 87 миллион долларға дейін қысқартылады. Осыған сәйкес бірқатар шығындарды да қысқару көзделген. Соның ішінде алдағы жылы Азаттықтың Грузин, Татар-Башқұрт және Солтүстік Кавказ қызметтері жабылуы тиіс. 

Бұдан бөлек, Азаттықтың Балқан қызметінде де өзгеріс көзделген. Қазір Азат Еуропа/Азаттық радиосы 22 елге 26 тілде хабар таратады. Негізгі миссиясы - тәуелсіз, бейтарап, объективті ақпарат тарату. Жоба енді конгресстің қарауына жіберіледі.

Дереккөз: azattyq.org

 

19 наурыз 2019, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.