Атырау, 19 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бішкек маңындағы тартыс: Атамбаев партиясы оппозицияға өтпек

1 781 просмотра


Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев басқаратын Социал-демократиялық партиясы оппозицияға өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы 18 наурызда партия өкілі Құндыз Жолдыбаева айтты.

Жолдыбаеваның сөзінше, партияның кезекті съезі 6 сәуірде өтеді. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ақсы оқиғасының 17 жылдығына арналған еске алу шарасында қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті елде "отбасылық-кландық билікті" қайта орнатты деп айыптаған. Ол Жээнбековті билікке әкелгені үшін халықтан кешірім сұраған. Сол күні басқа шарада сөйлеген Жээнбеков биліктегі кландық басқаруға қарсы екенін мәлімдеген. Қырғызстан социал-демократиялық партиясы 1993 жылы құрылған. Атамбаев партияны құрушыларының бірі. Бірақ Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы саяси тартыстан кейін партия екіге бөлінген. Бір бөлігіне Атамбаев жетекшілік етеді. Екінші бөлігін (парламенттегі фракциясын) Жээнбеков басқарады.

Дерекккөз: qazaqtimes.com


 

19 наурыз 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.