Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бүгін - Пәкістанда қаралы күн

1 361 просмотра


Жаңа Зеландиядағы қанды оқиғаға байланысты, Пәкістан билігі 18 наурызды қаралы күн деп жариялады.

15 наурыз күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы «Аль-Нұр» және «Линвуд» мешіттеріне жасалған қарулы шабуылдан Пәкістанның 8 азаматы қаза болған болатын.

Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши бұл оқиғаға бүкіл елдің қайғырып отырғанын айтты.

Пәкістандықтар әсіресе 50 жастағы Миан Наим Рашидті ерекше атап өтіп жатыр. Себебі ол атыс кезінде 22 жастағы ұлы екеуі мешітке оқ жаудырған террористерге қарсы батыл әрекет жасаған еді. Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан Рашидті "Ұлт батыры" деп атады.

Дерерккөз: baq.kz

18 наурыз 2019, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.