Атырау, 19 мамыр 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

КХДР АҚШ-қа мойынсұнбайды

1 357 просмотра


Солтүстік Корея АҚШ-тың денуклеаризация бойынша талаптарына мойынсұнбайды. Бұл туралы КХДР СІМ басшысының орынбасары Цой Сон Хи мәлімдеді. 

Пхеньянда өткен баспасөз конференциясы кезінде Цой Сон Хи: «Ханойда өткен саммитте Уашингтон бірнеше талап қойды. дегенмен, біздің тарап бұл талаптарға мойынсұнбаймыз. Қандай форма, қандай бағытта өтсе де денуклеаризация тақырыбына келгенде арнайы келіссөз де жүргізбейміз», – деді. Ал Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Жоң Ың жақын уақытта Пхеньянның алға қойған саяси жоспарларына қатысты мәлімдеме жасамақ. Айта кетейік, 27 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ың Вьетнам астанасы Ханойда кездескен болатын. Кездесуде қос ел басшысы ядролық қару-жарақ, Корей түбегіндегі мәселелер, Корей соғысы кезінде жоғалған америкалық сарбаздардың мәйітін АҚШ-қа қайтару туралы талқылады. Дегенмен, қос тарап ортақ келісімге келген жоқ және Ақ үй Пхеньянға бағытталған сакцияның өзгертіндігін мәлімдеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

18 наурыз 2019, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.