Атырау, 19 мамыр 10:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңа Зеландияда ұсталған төрт адамның шабуылға қатысы бар-жоғы анықталды

1 794 просмотра


Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін ұсталған үш адамның лаңкестікке қатысы жоқ деп есептейді. Бұл туралы елдің бас полицейі Майк Буш мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстады - үш ер адам бір әйел. Оның ішінде Аустралия азаматы 28 жастағы Брентон Таррантта (Brenton Tarrant) бар. Оған адам өлтіру бойынша айып тағылған. Ол 5 сәуірге дейін қамауда болады. Тағы бір мәлімет бойынша, ол 37 беттік "манифест" жазған. Ол жақта өзінің мақсаттарын айтқан. Буштың айтуынша, полиция тағы бір ер және әйелді ұстаған, олардың көлігінен қару табылған. Әйелді дереу бостандыққа жіберген, ер адамға "қару-жараққа қатысты" заңға қайшы әрекетке барғаны үшін айып тағылды.  Үшінші ұсталған адамға нәсілдік кемсітушілік бойынша айып тағылған және ол дүйсенбіде сот алдында жауап береді. "Қазіргі уақытта біз бұл адамдардың шабуылға қатысы жоқ деген ойдамыз", - деді Буш.  Жаңазеландиялық полицияның басшысы оқиға орнын тінтіп шыққан мамандар тағы бір адамның денесін тапқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шабуыл салдарынан қаза тапқан 50-ші адам. Тағы 50 адам зардап шеккен, оның 36-сы ауруханада жатыр екен. 11 адам ауыр халде жатыр. 

Еске салайық, 15 наурызда таңғы уақытта Крайстчерч қаласында атыс болды. Шабуыл таңғы уақытта жасалған, ол уақытта мешітте бірнеше жүздеген адам болған. Осыдан кейін мешіттерге қаруланған жасақ шақырылып, барлық мектеп пен жақын маңдағы көшелер жабылған. Жергілікті әуежай рейстарды кейінгі қалдырды. Авиациялық қауіпсіздік өкілдері терминалдарда тексеріс жұмыстарын күшейткен. БАҚ беттерінде күдікті Брентон Тарранттың суреті жарияланды Кейін Жаңа Зеландияның премьері күдіктінің расында да Аустралия азаматы екенін растады. Сондай-ақ,  премьер-министр Джасинда Ардерн осы оқиғаға байланысты төрт адам ұсталғанын айтты. 

Оның айтуынша, күдікті Таррантаның екі сыбайласы болған. Ал төртінші ұсталған күдіктінің бұл жағдайға қатысы жоқ екен. Қаскүнем Брентон Таррант мешіттердің біріне жасаған шабуылын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көрсеткен. Жаңа Зеландияның полицейлері қаскүнемнің түсірген видеосын жарияламауды сұраған. Мешіттегі адамдардың бірі шабуыл кезінде қашу үшін шыны есіктерді бұзған. Тірі қалғандардың бірі лаңкестен тығылу үшін орындықтың астына жасырынғанын айтқан.  Премьердің баспасөз мәслихаты аяқталуға жақын қалған кезде Оклендтегі вокзалда жарылыс болған. 

Айта кетейік, Окленд қаласы шабуыл жасалған Крайстчерчтен мың шақырым қашықтықта орналасқан. Кейін ол жарылыстың себебі анықталды.    Осыған дейін Жаңа Зеландияда жаппай адам өлтіру оқиғасы 1990 жылы болған екен, ол кезде Арамоана ауылында бір қаскүнем 24 сағаттың ішінде 13 ер адам мен әйел адамды және баланы өлтірген. Кейін полицейлер оның көзін жойған. 

Дерекөз: tengrinews.kz

 

17 наурыз 2019, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.