Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украина президенті лауазымына 39 үміткер тіркелген

Бейнежазба
1 682 просмотра


Бұл туралы мемлекеттің Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Айта кетейік, 31 наурыз күні Украинада президенттік сайлау өтеді. 

Осыған орай тиісті орган өкілдері науқанға қатысты дайындықтың барысымен таныстырды. Украинаның орталық сайлау комиссиясына бастапқыда  президенттіктен үмітті 91 адам құжатын тапсырған. Алайда түрлі себеппен 2,5 млн гривна кепіл қаражатты қазынаға төлей алмай, үміткерліктен тең жартысы түсіп қалды. Қазіргі күні Украинаның алтыншы президенті болуға 39 кандидат ресми тіркелген. Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері науқанға дайын екендерін айтады, бүгінгі күнге дейін 60 млн-ға жуық бюллетень басылып жатыр.  Евгения Радченко, Орталық сайлау комитеті басшысының орынбасары: - Неге xалықтың өз санынан артық бюллетень басылған деп бізді БАҚ және қоғам өкілдері сынаған еді. Алайда емxаналарда қанша адам жатқанын білмейміз, сондықтан әр стационардағы төсектің санына байланысты да бюллетень басып жатырмыз. 


Сондықтан бұл сын орынсыз деп айтуға болады.  «Жаңа Украина» стратегиялық зерттеу институтының директоры Андрей Ермолаев соңғы әлеуметтік зерттеу бойынша Владимир Зеленскийдің көш бастап тұрғанын айтады. Халықтың 14 пайызы лия Тимошенкоға дауыс беруге дайын болса, Порошенко 12,4 пайызбен үшінші орында тұр. Бірақ бұл болжам ғана. «Сайлау үлкен тартысқа толы болады», – дейді саясаткер.  Андрей Ермолаев, саясаткер: - Соңғы кездегі әлеуметтік сауалнама Владимир Зеленскийдің көш бастап тұрғанын көрсетеді. Шамамен 20 пайыз электорат Зеленскийге дауыс беруге дайын екенін айтқан. Алайда екінші турдағы жағдайдың қалай боларын болжап айту қиын. Жалпы, биылғы жылдың сайлауы өте тартысты болады деп айта аламын.  Украина орталық сайлау комиссиясы 10 xалықаралық ұйым мен 42 мемлекеттің атынан 700-ге жуық ресми бақылаушыны тіркеген екен. Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлім еткендей, біздің елдің атынан бес өкіл келмек. 31 наурыз күнгі саяси доданы Орталық сайлау комиссиясы, Сенат және Мәжіліс өкілдері бақылайтын болады.

Дереккөз:24.kz

 

17 наурыз 2019, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.