Атырау, 19 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамп конгресс қабылдаған заң жобасына вето қойды

1 560 просмотра


Наурыздың 15-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялау туралы жарлықтың күшін жоюы мүмкін конгресс қабылдаған заң жобасына вето қойды.

Ақпан айының ортасында Трамп елдің оңтүстігіндегі шекарада дуал тұрғызуға бюджеттен қаржы бөлгізу үшін төтенше жағдай жариялау жөнінде жарлыққа қол қойған еді. Бұл - Трамп қойған алғашқы вето.

Енді наурыздың 26-сы күні басым бөлігі демократтардан құралған АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ветоға дауыс береді. Ветоны кері қайтару үшін конгресмендердің кемінде үштен екісі дауыс беруі тиіс, бірақ сарапшылар оған демократтардың шамасы жетпейді деп болжайды. "Америка дауысы" сайтының хабарлауынша, өкілдер палатасы мұндай нәтижеге қол жеткізген күннің өзінде олардың шешімін басым бөлігі республикашылдардан құралған сенат қолдамауы мүмкін.

Мексика шекарасында дуал тұрғызу - 2016 жылғы президент сайлауалды кезеңінде Дональд Трамптың сайлаушылар алдында берген уәделерінің бірі болатын. Бұған дейін Ақ үй мен АҚШ конгресіндегі демократтар арасында дуал тұрғызуға қатысты келіспеушіліктер болып, соңы үкімет жұмысын ішінара тоқтатқан "шатдаунға" ұласқан.

Трамп пен кейбір республикашыл партия өкілдерінің пікірінше, Мексикамен шекарада дуал орнату - елдің қауіпсіздігі үшін қажет. Ол елді заңсыз мигранттар ағынынан қорғап, қылмыс санын азайтуға септеседі. Ал демократтар дуал тұрғызу қымбатқа түседі және заңсыз мигранттар ағынын тежеудің тиімді тәсілі емес деп санайды.

Ақпан айының ортасында Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойған. Сол кезде Трамп төтенше жағдайдың енгізілуі оған шекарада дуал құрылысы үшін 8 миллиард доллар алуына мүмкіндік береді деп айтқан еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

16 наурыз 2019, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.