Атырау, 19 мамыр 13:09
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түрікменстандықтарға Өзбекстанға тауар кіргізуге тыйым салынды

2 350 просмотра


Дашоғызвелаятының ресейлік паспорты және өзбек визалары бар тұрғындары Өзбекстаннан 10 килограмға дейін жүк кіргізе алатын. Көбіне бұл түрікменстандық тоқыма өнімдері болатын.

Тұрғындар шекара маңындағы Үргенч, Шауат немесе Хиуада тұратын туыстарына сыйлық ретінде тауарды өткізетін. Кейбірі өнімдерін сатып, Түрікменстанда дефицит не қымбат тауарларды алып келетін. Мысалға, Өзбекстаннан екі қорап темекі мен екі бөтелке кока-кола алып келетін.

Бірақ 10 наурыздан бастап түрікменстандық шекарашылар көршілес елге тауар шығаруға тыйым салған, деп жазады «Хроника Туркменистана» тілшілері. Бұл туралы адамдарға «Дашоғыз автожол» шекара пунктінде хабарлап жатыр. Неліктен тыйым салынғанын шекарашылар түсіндірмейді.

Өзбек тарапы жеке тұлғаларға тауар кіргізу не шығаруға қатысты тыйым салған жоқ. «Дашоғыз автожол» өткізу пункті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық.

Дерерккөз: baq.kz

15 наурыз 2019, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.