Атырау, 19 мамыр 15:51
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кешенге несие бөлінді

2 009 просмотра

17 тамызда Астанада Қазақстан Даму Банкімен АМӨЗ арасында мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы үшін несиелік келісімге қол қою рәсімі өтті.

Несие мөлшері 252 млн долларды құрайды. Несие 13,5 жылдың ішінде өтелуі керек. Мұнайды терең өңдеу кешені АМӨЗ-ның толық қайта жарақтаудың аяқтау  кезеңі болып табылады. Кешен жылына 2,4 млн тонна мазутты және  вакуумды  газойля өндіретін болады.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат БАЙТАЗИЕВТІҢ айтуынша, бұрын зауыт басшылығы мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы үшін Қытайдың Экспорт-импорт банкімен, Жапонияның халықаралық серіктестік банкімен және Токио-Мицубиси банкімен несиелік келісімдер жасаған болатын. Қазақстан Даму Банкімен арадағы келісімді аяқтаушы несиелік құжат болып табылады. Жобаны жүзеге асыру 2016 жылдары АМӨЗ-да мұнайды терең өңдеуді 85%-ға дейін арттырмақ. Әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері: жоғары октанды бензин, Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін  авиациялық және дизельді отындарды өндіру көлемі жедел артатын болады.

Еске сала кетейік, «АМӨЗ» ЖШС  және құрамына Sinopec Engineering (Қытай), Marubeni Corporation (Жапония) және «ҚазСтройСервис» Мұнайгаз құрылыс компаниясы АҚ  (Қазақстан) енген Концорциум арасында  мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының келісімшартына өткен жылдың 29 желтоқсанында қол қойылды. Жобаның жалпы құны   – 1,68 млрд доллар. Құрылыс мерзімі  – 41 ай.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 тамыз 2012, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.