Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Климаттың жылуынан Гренландияда алып мұздық бөлініп қалды

7 949 просмотра

Аумағы екі Манхэттенді қамтитын алып мұз Гренландиядағы Петерман мұздығынан бөлініп қалды.

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, көшпе мұздың пайда болғанын америкалық спутниктер анықтаған. Бірнеше жыл бойы мұздықта жарықшақ пайда болып, ол ғалымдардың назарында болған еді. Сөйтіп, кеше аумағы 120 шаршы шақырымдық алып көшпе мұз үлкен мұздықтан толықтай ажырады.

Ғалымдар мұндай құбылысты климаттың жылуымен байланыстырады, алайда өз ұйғарымдарын 100 пайыз нақтыламайды. Әйтсе де, мұндай көлемдегі мұздың бөлініп қалуы – алаңдатарлық мәселе. «Бұл – алаңдауға тұрарлық жайт, - деп мәлімдеді жарықшақты алғашқылардың бірі болып анықтаған Делавэр штаты университетінің профессоры Андреас Мунчоу. – Бізде соңғы 150 жылдың мәліметтері бар, ал бүгін біз бұрын болмаған өзгерістерге куә болып отырмыз».

Айта кетейік, екі жыл бұрын Петерман мұздығынан дәл осылай тағы бір көшпе мұз ажыраған еді. Оның аумағы тіпті үлкен – 260 шаршы шақырым болған.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

18 шілде 2012, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.