Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кубаньдағы құрбандар саны 170-тен асты

2 447 просмотра

Астана. 9 шілде. BAQ.KZ – Қырым аумағындағы алапат су тасқынынан зардап шеккендер саны 24 мың адамнан асты деп хабарлайды РИА Новости аймақ басшысы Александр Ткачевқа сілтеме жасап. Бұдан бұрын Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі 12071 тұрғынның зардап шеккендігі жайында хабарлаған болатын.

«Бұл үлкен қасірет, Кубань тарихында мұндай қайғылы оқиға бұрын болмаған. Үлкен апат орын алды, 24 мыңнан астам азамат жапа шекті. Бұл оқиға ерекше назар аударуды қажет етеді» деді Ткачев өз сөзінде.
Су тасқыны толассыз жауған жаңбыр салдарынан орын алған. Апатты болжау ешкімнің ойына да кіріп-шықпаған делінеді хабарламада. Оқиғаны тексеру үшін қазір арнайы мемлекеттік комиссия құрылған.
Естеріңізге салайық, 7 шілде күні жауған жауын салдарынан тасқын су Геленджик, Крымск, Новороссийск қалаларындағы және бірқатар ауылдардағы бес мыңнан астам тұрғын үйді басып қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, су апатынан көз жұмғандар саны 170 адамнан асып жығылған.

Дереккөз: baq.kz
 

10 шілде 2012, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.