Атырау, 26 сәуір 12:46
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Президентке әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін қысқарту ұсынылды

2 231 просмотра


Петиция авторы демографиялық ахуалды реттеу үшін әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін азайтуды сұрайды. Ресей президенті Владимир Путинге әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін қысқарту ұсынылды.

Change.org сайтында жарияланған петицияның авторы демографиялық ахуалды реттеу үшін әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін азайтуды сұрайды. Бұл бастаманы мақұлдап алты мыңнан астам ресейлік қолын қойған, деп хабарлайды www.9111.ru.

Петиция авторы – Мәскеу тұрғыны Анна Рыжкова Ресейдегі аналардан қолдау сұрап отыр. Аннаның айтуынша, үкімет медицина саласындағылардың алдында жүктілік мерзімін азайту міндетін қоюы тиіс. Себебі жас ана баласын тезірек дүниеге әкелгісі келеді, бірақ табиғат заңы оған мүмкіндік бермейді.

Мәскеу тұрғыны 21 ғасырда заманауи медицина жүктілік мерзімін 7 айға дейін қысқартуға қауқарлы деп сенеді. Сонда Ресейде халық саны көбейіп, демография мәселесі шешіледі, дейді ол.

Петиция Ресей президенті Владимир Путин мен денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға жазылған. Алайда ресейліктердің петицияға мысқылдап пікір жазғандарын байқауға болады. Олар кейбір депутаттың «55 жаста зейнетақы алу ұят» дегеніне қарап, бұл міндеттің орындалатынына сенімді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

19 шілде 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.