Атырау, 26 сәуір 07:48
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Роналду «Ювентус» сапында қанша жалақы алады?

1 688 просмотра


«Ювентус» сапында жылына 30 миллион еуро алатын Роналду әлемдегі табысы жоғары танымал тұлғалар қатарына кірді. Шоу-бизнес, кино және спортшылар арасындағы рейтингте Криштиану 10-орында тұр. 

Оның табысы 108 миллион долларды құрайды. Үздік ондықтың қатарында Лионель Месси де бар. Аргентиналық футболшы 111 миллион доллармен сегізінші орынға жайғасты. Табысы мол танымал байлардың тізімін кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер бастады. 

41 жастағы боксшының соңғы жылдағы тапқан қаржысы 285 миллион долларға жетті.

Дереккөз: 24.kz

17 шілде 2018, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.