Атырау, 26 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ирактың мұнай кеніші орналасқан аудандарда шерулер толастар емес

1 573 просмотра


Ирактың оңтүстігіндегі мұнай кеніштері шоғырланған аудандардағы үкіметке қарсы наразылық шерулері әлі жүріп жатыр. Полиция акцияға қатысушыларды тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданып, оқ атып, тағы екі адам жарақат алды. 

Бұған дейін полициямен қақтығыстан 1 адамның қаза тауып, 8 шеруішінң жарақат алғаны хабарланған. Еске сала кетйік, елдің оңтүстігіндегі мұнайлы аудандардағы наразылық шеруі өткен жексенбі күні басталған болатын. Оған жергілікті биліктң электр энергиясы, су және басқа да қызметтерге бағаны өсіруі себеп болды. Шерушілер сондай-ақ үкіметтен жұмысшыларды қысқартуды тоқтатуды талап етіп отыр.

Наразылық акциясы америкалық Exxon Mobil мен ресейлік «Лукойл» компаниясы әрекет ететін «Батыс Курна-1» және «Батыс Курна-2» мұнай кен орындарында жүруде. Алайда биліктің айтуынша наразылық акциясының оларға кері әсері болмаған. Сондай-ақ Басраның шығысындағы Иранмен тас жолды жауып тастаған.  Мухаммед Али, шеруші: - Біз қазір Шаламча шекара бекетіне баратын жолды жауып тастадық. 

Бірақ халық зардап шекпес  үшін гуманитарлық жүктерді өткізе береміз. Біз биліктен келіссөз жүргізу үшін жоғары лауазымды делегация жіберуді талап етеміз. Егер шарт орындалмаса шеруді жалғастыра береміз.

Дереккөз: 24.kz

14 шілде 2018, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.