Атырау, 26 сәуір 12:31
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мектептегі өшті еске алып, адам өлтірді

4 160 просмотра


Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Махамбет ауылының 30 жастағы тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 9-тармақшасы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру») бойынша үкім шығарды.

Іс материалдарына сүйенсек, А. өткен жылдың 2 желтоқсанында кешкісін Махамбеттегі кафелердің біріне сыра ішуге келіп, сол жерде сыныптастарымен кездеседі. Олар өткен-кеткенді еске түсіріп, басқа мектептегі құрдастары ренжіткен хикаяны әңгіме қыла бастайды. Біреулер сол жігіттердің қазір басқа кафеде отырғандығын айтып, бүкіл компания сол жерге барады.

Төбелес басталып, А. басқа компаниядағы жігіттің бірінің мойнына асүй пышағын тығып алады. Сәл кейінірек әлгі жігіт есін жимастан аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмады.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, А. кінәлі деп танылып, ең жоғарғы қауіпсіздік (қатаң режим) мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фархат ӘБІЛОВ

10 шілде 2018, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.