Атырау, 26 сәуір 10:04
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мереке қоныс тойға ұласты

2 693 просмотра


Атырау облысы ішкі істер органдарының 30 қызметкеріне кәсіби мерекелеріне орай жаңа пәтер кілттері табыс етілді. Әкімдік алдындағы алаңда оларды облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ құттықтады. Облыстық ІІД бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ бірінші кезекте баспананың көпбалалы отбасыларға, пәтер кезегінде тұрғандарға және жалғызбасты аналарға бөлінгенін атап өтті.

Полицейлер пәтер алған үй жаңа «Береке» ықшам ауданында орналасқан. Сол күні бірнеше қызметкер ІІМ медальдары мен марапаттарына ие болды, ал Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданының Азғыр ауылдық округінде жаңа полиция бекеті ашылды. Қазіргі уақытта Сүйіндік, Балқұдық, Азғыр, Асан, Үштаған ауылдарына қызмет көрсететін штаттағы полиция қызметкерлерінің жалпы саны 17-ге жетті. Айтпақшы, жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға автокөлік ағымы 40 мың бірліктен асты.

Фархат ӘБІЛОВ

(ІІД баспасөз хабарламасының негізінде)

26 маусым 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.