Атырау, 26 сәуір 12:47
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ердоған: «Сайлаудан кейін елдегі төтенше жағдайды жоямыз»

1 681 просмотра


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы сайлаудан кейін елдегі төтенше жайдайды жоюға уәде берді, деп хабарлайды Le Figaro агенттігі. 

"Алла қаласа, сайлаудан кейін ең бірінші қолға алатын нәрсеміз — елдегі төтенше жағдайды жою", - деді президент жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында. Бұдан бұрын ол Түркиядағы террорлық қауіп-қатер түгел сейілмейінше, төтенше жағдайды күшінде қалдыратыны туралы мәлімдеген болатын.

Бәрімізге белгілі, Түркиядағы төтенше жағдай 2016 жылы, шілде айында сәтсіз жасалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін енгізілген еді. 

Еске салайық, Түркияда,ы мерзімінен тыс парламент және президент сайлауы осы айдың 24 маусымында өтеді. Германия, Франция және Австрия елдерінде тұратын түрік азаматтары үшін дауыс беру 7 маусымда басталып кетті. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 маусым 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.