Атырау, 26 сәуір 12:05
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстанда әуе жүк тасымалы саласындағы құжаттар электронды түрде рәсімделетін болды

2 915 просмотра


2018 жылдың 14 маусымында «E-freight» «Әуе жүк тасымалы саласындағы қағазсыз құжат айналымына арналған ақпараттық жүйені енгізу және бейімдеу» бойынша Қазақстандағы көлікті цифрландыру саласындағы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы жобасына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және «Transinfotech» ЖШС бірлескен кәсіпорнының бас директоры Мәлік Бердіғалиев қол қойды. Бұл шара ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің («ТрансИнфоТех» ЖШҚ консорциум компаниясы (РФ), «SecureTech Corporation» ЖШС және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ сияқты жеке әріптестермен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде іске асырылып отыр.

«Жобаның негізгі ерекшелігі ол жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Жоба құны – 3,3 млрд теңге. Қазақстанның барлық халықаралық әуежайларында іске асырылатын болады және Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін «e-freight» ақпараттық жүйесіне иелік ету құқығы мемлекетке тегін беріледі», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

«E-freight» әуе жүк тасымалын қағазсыз рәсімдеудің және сүйемелдеудің халықаралық стандарты. Бұл жобаны іске асыру жүк әуе тасымалы құжаттамасын жобалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді (шамамен 20 құжат қағаздарын электронды форматқа көшіру), жүк әуе ағынын өңдеу уақытын қысқартуға (өңдеу уақытын орта есеппен 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқарту) мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк әуе тасымалдарының және транзитінің тартымдылығын арттырады.

Бұл жоба ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 67-ші қадамы),транзиттік жүк тасымалдау тартымдылығын дамытуға және жақсартуға бағытталған.

Айта кету керек, «e-freight» осы саладағы басым жобалардың бірі. Бұл еліміздегі цифрландыру бағдарламасының негізгі міндеттеріне жауап береді.

Дереккөз: Baq.kz

14 маусым 2018, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.