Атырау, 26 сәуір 12:10
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​ЭКСПО тұрғын үй орамындағы пәтер құны анықталды

2 038 просмотра


«Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен көлік тұрағы орындарының құнын тәуелсіз консалтинг компаниясының көмегімен анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА «Бәйтерек девелопмент» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ЭКСПО-2017» аумағындағы тұрғын үй кешендеріндегі шаршы метрді өткізу құны 399 900 теңгені, бір көлік тұрағы орнының құны 699 000 теңгені құрайды. Бұл объектілер орналасқан жерінің тиімділігімен, қабаттарының аздығымен, пәтерлерінің эрогономиялық жоспарлануымен ерекшеленеді. Тұрғын үй орамының ішкі аумағы оқшауланған және қала тұрғыны үшін жайлы болады», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев. 

Компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап бұрын «ЭКСПО-2017» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады. «Сатып алу шарттарына келетін болсақ, әлеуетті сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап: жеке тұлғалар үшін - төлем қабілеттілігі және Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет, ал заңды тұлғалар үшін - Қазақстан аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы шарт», - деп қосты компания өкілі.

Дереккөз: inform.kz

1 маусым 2018, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.