Атырау, 26 сәуір 12:55
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Назарбаев Атамқұловты қабылдады

1 791 просмотра


Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған кешенді ұйымдастыру шараларының нәтижелері мен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға мемлекеттік қорғанысқа қатысты тапсырыс пен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

22 мамыр 2018, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.