Атырау, 8 мамыр 08:28
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

18 мамырда ваканциялар жәрмеңкесі өтеді

1 907 просмотра


18 мамыр күні, сағат 10.00-12.00 аралығында "APEC Petrotechnic" колледжінде  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастар еңбек биржасы" жобасы аясында "Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге келушілер "Fircroft Kazakhstan", "Денхолм Жолдас", "CP Hotels, Norsec Delta Projects", "Балабақша", "People of service", "Ritm Oil" , "Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі", "Арнайыавтобаза", "Альфа Банк", "Алтаджер" қонақ үйі, "RK Tel", "Helios, Eurasia Motor", "Сункар Секьюрити", "Ярмарка" супермаркеті, " РТГ Тильмаш", "Сана" балаларды дамыту орталығы, "Атырау-Дастан Hotels" ЖШС , "Umbrella Securitas" күзет фирмасы және  т.б. компаниялардың өкілдерімен кездесе алады.

Ұйымдастырушылар шара туралы кеш естіген немесе жұмыс іздеуде тәжірибелері жоқ адамдарға құжаттарын реттеуге, яғни, түйіндемелерін теріп, көшіріп беруге көмектесетіндіктерін хабарлайды.

«APEC Petrotechnic жоғары колледжі» ЖШС Атырау қ. Нұрсая ықшамауданы, 11-көше 24-учаске мекенжайында орналасқан.

Жеке ақпарат

17 мамыр 2018, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.