Атырау қаласы сыртындағы Томарлы және Жұлдыз ауылдарына қарасты зираттардың кірер темір қақпалары жоғалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
******
11 мамырда Құрманғазы ауданында белгісіз жағдайда 1962 жылы туған ер адам Қиғаш өзеніне суға кетті. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, мүрде сол күні табылып, судан шығарылды.
13 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы Жем өзеніне суға түсіп жүрген жасөспірім батып кетті. Денесі сол күні табылып, судан шығарылды.