Атырау, 26 сәуір 11:47
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Еревандағы қарсылық акциялары 11-күнге ұласты

1 419 просмотра


Арменияда мыңдаған адамның бұрынғы президенттің премьер-министр болуына қарсы акциясы жалғасты. 22 сәуірде акцияға шыққандар Ереванның әр бөлігінде шағын топ болып азаматтық бағынбау акциялары мен шерулер өткізуге, көшелерді жауып, көлік қозғалысын шектеуге келіскен.

Жаңа ірі митинг бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 7-де Республика алаңында өтпек. Белсенділер қарсылық акцияларын премьер-министр Серж Саргсян мен оның үкіметі отставкаға кетпейінше тоқтатпақ емес.

Азаттықтың Армян редакциясы бүгін Ереванның орталығында студенттер шеруі өтіп жатқанын хабарлайды. Қала орталығындағы бірнеше көшеде қозғалыс тоқтаған. Бұдан өзге, жүздеген демонстрант көшелерді жауып,қаланың түрлі ауданында қозғалысты тоқтатып жатыр. Арменияның көлемі жағынан үшінші ірі қаласы - Ванадзорда жергілікті тігін фабрикасының жұмысшылары ереуілдеп жатыр.

Кеше Ереванның орталығындағы демонстрацияда оппозициялық депутат Никол Пашинян ұсталған. Сол күні одан ертерек премьер-министр Серж Саргсян Пашинянмен кездесіп, бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Кездесу басталғанда Пашинян келіссөздің басты тақырыбы Саргсяннің отставкаға кету мәселесі болатынын айтқан еді.

Дереккөз: azattyq.org

23 сәуір 2018, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.