Атырау, 2 мамыр 02:55
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​ҚР ІІМ ұялы телефон ұрлығын ашуда кездесетін кедергілерді атады

1 665 просмотра


ҚР Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашуда кездесетін кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телефон ұрлығын ашудағы негізгі проблема - ол азаматтардың полицияға кеш жүгінуіне байланысты. Сонымен қатар азаматтардың ұсталған ұялы телефондарды сатып алуы, олардың мобильдік құрылғы IMEI-кодын білмеуі, мүлікке құқы бар құжаттардың болмауы секілді жағдайлар қылмыстың ашылуын кешіктіреді», - деп аталып өткен ІІМ-нің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда ұялы телефон ұрлауды тиімсіз ететін шаралар туралы айтты. 

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», - деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: inform.kz

23 сәуір 2018, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.