Атырау, 26 сәуір 06:05
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Астананың мерейтойын өткізуге 19 миллиард теңгеге жуық ақша қарастырылған

2 172 просмотра


Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу мәселесін талқылау барысында Астананың 20 жылдық мерейтойына қанша ақша жұмсау жоспарланып отырғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде жалпы Астананың мерейтойы аясында 85 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оған 18 миллион 800 миллион теңге бөлінді. Қаржы министрі бізге толықтай қолдау көрсетті. Осы іс-шараларды лайықты өткіземіз деп сенеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков депутаттарға. 

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз кезегінде бұл қаражатты басқа дүниелерге жұмсау жөн болатынын айтты. 

"Тапсырма бар. Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, бүкіл өңірде атап өтіледі. Түрлі кештер өткізіледі. Іс-шаралар бір жыл бойы өтеді", - деп жауап берді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутатқа.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 сәуір 2018, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.