Атырау, 26 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ: Мэриленд мектебіндегі атыстан үш адам жараланған

1 724 просмотра

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Great Mills High School мектебі. 20 наурыз 2018 жыл
АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Great Mills High School орта мектебінде сейсенбі күні атыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, оқ тиіп жараланған үш адамның арасында атысқа күдікті де бар. Қалған екеуі – 16 жастағы қыз және 14 жастағы жасөспірім ұл бала ауруханада жатыр. Қыздың жағдайы ауыр деп хабарланды.

CNBS "атыстан үш зардап шеккен, кейін күдікті оқушы ауруханада көз жұмған" деп хабарлады.

Оқиға болған мектептің ғимараты дереу жабылып, ол жерге билік, полиция мен өзге күш құрылымдары өкілдері барған. Вашингтон қаласынан 100 шақырымдай қашықта орналасқан мектепте 1600-ден астам жоғарғы сынып оқушылары оқиды деп хабарланды.

Washington Post басылымының жазуынша, полицияға атыс болып жатқаны туралы хабар таңертеңгі сағат 8:15 кезінде, мектепте сабақ басталғаннан кейін түскен. Шериф ата-аналардц мектеп ғимаратына жақын бармауға және ішке кіруге әрекет жасамауға шақырған.

Бұған дейін ақпанның 14-і күні АҚШ-тың Флорида штатында қарулы адам шабуыл жасаған. Бұл оқиғаға күдікті ретінде ұсталған 19 жастағы Николас Крузға "17 адамды өлтірген және 17 адамды өлтіруге әрекет жасаған" деген айып таққан.

Дереккөз: azattyq.org



21 наурыз 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.