Атырау, 26 сәуір 06:28
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ресей Скрипаль ісіне қатысты Лондонға қысым көрсетпек

2 478 просмотра


Мәскеу Тергеу басқармасының бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улану ісіне қатысты Ұлыбританияға қатты қысым көрсетеді. Бұл туралы Лондондағы Ресей елшісі Александо Яковенко мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Ресей өкілі бұл мәлімдемені «Россия 24» телеарнасында айтты.

«Біз Британияның үкіметіне қатты қысым жасаймыз», - деді ол.

Бұған дейін Ресейдің СІМ Лондонның әрекетін ақпараттық-саяси шоу екенін атап өтті. Ал британиялық премьер-министр Тереза Мэйдің улануға қатысты мәлімдемесін екі мемлекет арасындағы жақсы қатынасты бұзуға бағытталған дөрекілік деп көрсетті. Сонымен қатар, Мәскеу Біріккен Корольдіктердің әрекетіне жауап ретінде британиялық дипломаттарды қайтаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, «Скрипаль ісіне» байланысты ресейлік 23 дипломат Ұлыбританиядан шығарылады. Бұл туралы ел премьер-министрі Тереза Мэй парламент алдында мәлімдеді.

Британия Ресеймен барлық екі жақты байланысты тоқтатпақ. Сонымен қатар, жоғары лауазымды шенеуніктер мен король отбасының мүшелері 2018 жылғы Әлем чемпионатына бармайды.

Сонымен қатар, Британияның сыртқы істер министрі Борис Джонсон LBC радиостанциясының эфирінде Лондонның Ресейге Сергей Скрипальді уландырған заттың үлгісін жіберуден бас тартқанын айтты.

Дереккөз: Baq.kz

16 наурыз 2018, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.