Атырау, 26 сәуір 12:18
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Назарбаев Ресейдегі сайлау жайлы: Путиннің жеңіске жетуін қалаймыз

1 656 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алда Ресейде өтетін президент сайлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуінде  Қазақстан Президенті басқа да қатысушыларға көрші елдермен қарым-қатынастың маңызды екенін айтып өтті. 

"Біздің үлкен көршілеріміз бар. Олар - Ресей мен Қытай Халық Республикасы. Олармен қарым-қатынасымыз зор, көлік бағыттары бойынша да", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясындағы сайлаудың маңызына тоқталды.

"Біз осы көрші елдермен және үлкен нарықтағылармен белсенді түрде қарым-қатынас жүргізгіміз келеді және жүргізіп жатырмыз. Әрине, Ресейдегі сайлаудың жақсы өткенін қалаймыз, барлығымыз да Владимир Владимирович Путиннің жеңіске жетуін қалаймыз. Мұның барлығы ынтымақтастықты кеңейтіп, дұрыс диалог құруға жақсы әсер етеді", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сегіз кандидат ұсынылды: Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак,  Максим Сурайкин, Борис Титов және Григорий Явлинский.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 наурыз 2018, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.