Атырау, 2 мамыр 02:56
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

2 018 просмотра


Бундестаг Ангела Меркельді төртінші рет Германия канцлері етіп сайлады. Депутаттардың басым бөлігі оған қолдау білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ангела Меркель қажетті дауыс жинады, канцлер болып сайланды", - деп мәлімдеді бундестаг басшысы Вольфганг Шойбле. 

Депутаттар жасырын дауыс беру нәтижесін жариялау рәсімін қошеметпен күтіп алды. 

Трибунаға Меркельдің күйеуі Йоахим Зауэр мен  канцлердің 89 жастағы анасы Герлинд Каснер келді.

Басылымның мәліметінше, Меркельдің кандидатурасын Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 наурыз 2018, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.