Атырау, 26 сәуір 11:53
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жапонияда жер сілкінісінен кейін 70 мың адам туған жеріне бара алмай отыр

2 156 просмотра


Жапония халқы жексенбіде 2011 жылы болған жер сілкінісі құрбандарын еске алды.  Елдің премьер-министрі Синдзо Абэ  еске алу рәсімінде 70 мыңнан астам адамның зілзаладан кейін тұрғылықты жерлеріне бара алмай отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа.

Өз сөзінде  Синдзо Абэ үкімет Фукусима префектурасындағы аса қатты зардап шеккен аудандардағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жатқандығын айтты. 

Оның сөзіне қарағанда, префектура аумақтағы эвакуация жайлы ескертулерді біртіндеп азайтып отыр. Дегенмен премьер-министр "Фукусима-1" АЭС зардаптарын жоюдың нәтижелері туралы еш нәрсе айтпады.

Жапония БАҚ-тарының деректеріне қарағанда, Фукусима префектурасы аудандарының басым бөлігінде апат аймағынан халықты көшіру бойынша ескерту алынып тасталғанымен  зардап шеккендердің тек 15 проценті ғана  өз қалаларына оралған. 

Еске сала кетсек, 2011 жылы күші  9,0 балл жер сілкінісі болып, артынша туындаған цунамидің салдарынан 16 мың адам қаза тапты, 2539 адам із-түзсіз жоғалды. Жер сілкінісі мен цунами  салдарынан  "Фукусима-1" АЭС-тен көп мөлшерде радиоактивті заттар  таралып, Чернобыльдан кейінгі ядролық апатқа ұшыратқан  болатын.

Дереккөз: inform.kz

12 наурыз 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.