Атырау, 26 сәуір 10:47
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Полициямен ұстасқаны үшін екі өзбекстандық азамат қамауға алынды

Бейнежазба
3 882 просмотра


Әлеуметтік желілерде жолпол қызметкерлері мен екі Өзбекстан азаматының жол үстінде бір-біріне күш көрсеткен видеосы жарияланды. Өзбекстандықтардың бірі – жүргізуші, екіншісі – оған көмекке келген жолаушы (дегенмен, бұл куәлігінен айырылғысы келмеген екінші жүргізуші сияқты).

Олар алдымен ұстасып, кейін жағдай ушыға түсіп, полицей толық жүргізушіні оңай құлатты. Оқиға Құлсары-Бейнеу трассасында орын алған.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты баспасөз бетшесін таратты: «Жылдамдықты асырған «Ford tranzit» автокөлігі тоқтатылып, полиция қызметкерімен жүргізуші- Өзбекстан Республикасының азаматына заң бұзғаны түсіндірілді. Әдеттегідей, көлік іші адамға лық толы және қосымша орындықтармен салон іші қайта жабдықталғаны анықталды.

Алайда, уақытының тығыздығын алға тартқан жжүргізуші мен жолаушылардың бірі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық танытқан...».

Кейіннен соттың жүргізуші мен жолаушыны ӘҚтК-тің 667-бабы бойынша кінәлі деп тауып, сәйкесінше 5 және 2 тәулікке қамауға алды. Көлік Құлсары қаласындағы айып тұрағына қойылды.

Ал көліктен түсірілген қалған жолаушыларға келсек, олар сол күні өздері жұмыс жасау үшін бет алған Ресейге таксимен кеткен. 


Фархат ӘБІЛОВ

3 наурыз 2018, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.