Атырау, 26 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қоқыс үшін миллиондар бөлінді

3 348 просмотра


Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қоқысты бөліп жинау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тендер жариялады. Мердігерлік сомасы - 5,3 млн теңге.

Үй аулаларында түрлі түсті - шынылар үшін сары, металл сынықтары үшін қызыл, қағаздар үшін көгілдір, пластиктер үшін қара  түсті контейнерлер орнатылады (В. Сутягиннің суретінде - Түркиядағы контейнерлер).

Қазір Атырауда, мамандардың бірінің пікірінше, бірнеше компания жеке-жеке металлмен, қағазбен, пластикпен айналысады. Металл мен пластик Қытайға, қағаз Ресейге жіберіледі. Азық-түлік қалдықтары құнды емес, оларды қағазды ластамас үшін бөлек контейнерлерде жинайды. Азық-түлік қалдықтарын қымбатқа түссе де өртейді, бірақ олай етпесе, олар шіріп, парниктік қоқыс газын түзеді.

Маманның айтуынша, біздің қоқыс бизнесіміз дамымай отыр және бұл инфрақұрылым мәселесі шешілгенге дейін жалғасады.

«АЖ» ақпараты бойынша, өткен жылдың желтоқсанында облыс әкімдігінде неміс бизнесмендерімен келіссөздер жүргізілді. Бірақ тараптар инвестицияның негізгі ағымы кімнің тарапынан болатыны туралы келіспеді. Германия бүгінгі күні тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көшбасшы: 48% қайта өңделеді, 34% өртеледі, 14% қордаланады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 ақпан 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.