Атырау, 26 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Желтоқсанда қандай ауа жұттық?

2 577 просмотра


«Қазгидромет» РМК 2017 жылғы желтоқсандағы елдегі экологиялық ахуал туралы бюллетеньді жариялады. Атырауға келер болсақ, ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ауаның жоғары ластануының 8 жағдайы және төтенше жоғары ластанудың 2 жағдайы туралы хабарлама жолданды. Шығарындыларды NCOC компаниясының бекеттеріндегі аспаптар тіркеген.

8 желтоқсанда сағат 02:20-да №104 бекетте («Вест Ойл» қоймасының аумағында) бір текше метрге 0,0805 мг концентрацияда күкіртсутек тіркелді. Бұл 10 шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асады.

Екі күннен кейін, 10 желтоқсанда сағат 08:20-да №111 бекетте («Жилгородок», Заполярная көшесі) аспаптар 14 ШРК асатын көлемде күкіртсутек көрсетті. Келесі күні сағат 23-те Авангард ықшамауданында (№113 бекет) да 14 ШРК күкіртсутек тіркелді. Мұндай фактілер көп...

Бұдан облыстық экология департаменті жасаған қорытынды қызықты. «Қазгидромет» хабарламасында «департамент хатта көрсетілген төтенше жоғары ластану жағдайлары тіркелген кездегі желдің бағыты мен мәліметтерді зерттеп, ластану көзі Атырау қаласының сол жағалауында орналасқан Сасықсай булану алаңы екенін хабарлады» деп көрсетілген.

Естеріңізге салсақ, қаланың бұл ауданында АМӨЗ орналасқан. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қаңтар 2018, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.