Атырау, 26 сәуір 15:00
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды

Сурет
2 163 просмотра


Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бостандық аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев айтты. 

Оның мәліметінше, ұсталған әйелдің есімі - Камилла Бишбаева. 1981 жылы дүниеге келген, Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады, Өзбекстан тумасы. 

"2014 жылдан бастап түрлі жеке куәліктерді сканерден өткізген соң онда өзінің суретін жапсырып, принтермен шығарып, кейін ламинаттаған. Осылайша, ол сол құжаттармен несие рәсімдеп, тауарлап алып жүрген: ұялы телефондар,  тұрмыстық техника және тағы басқалары. Қазіргі уақытта оның 12 алаяқтық дерегіне және 10 жалған құжат рәсімдеу дерегіне қатысы бары дәлелденді", - деп хабарлады Тимур Өсекбаев. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Күдіктіні танығандардан мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 298-52-80, 298-52-81.





Дереккөз: tengrinews.kz

15 желтоқсан 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.